Қазақстандық спортшылардың қайсысы жомарттығымен көзге түсіп жүр?

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жыл сайынғы «Алтын жүрек» қайырымдылық қорының ұйымдастырушылары осы сыйлықтың үміткерлері туралы айтып берді. Олардың ішінде мұқтаж жандарға көмегін аямаған спорт саласының мамандары да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отандық шоу-бизнес және спорт жұлдыздарының қымбат көлік мініп, алшаң басып жүргендерінің арасында Атымтай жомарттар жоқ емес.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әсіресе спорт саласының жұлдыздары әлемдік үрдістерден қалатын емес.

«Қазақстан спортының аңызға айналған тұлғасы Жақсылық Үшкемпіров Мыңбаев ауылында жатақхана мен балабақша құрылысының инвесторы болды. Осының арқасында 38 жас отбасы қоныс тойын тойлап, 100 бала балабақша табалдырығын аттады. Жаңа білім нысанында қажетті кабинеттердің барлығы бар. Сондай-ақ, Жақсылық Үшкемпіров жергілікті балаларға арнап спорт мектебін ашты. Қазір мұнда 300 бала самбо, дзюдо, бокспен айналысып жатыр», - деді сыйлықтың үйлестірушісі Гүлзат Сақова.

null 

Батыс Қазақстан облысында жастар сарайының бокс залына Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің аты берілді. Олимпиададағы жеңісіне арнап БҚО әкімі Алтай Күлгінов боксшы мен оның бапкері - әкесіне әрқайсысына 10 000 000 теңгенің сертификатын табыстаған болатын.

null 

Алайда, спортшы бұл қаржыдан бас тартып сал ауруына шалдыққан балаларға арналған «Бәйтерек» қорына аударды.
Боксшы өзінен гөрі ақшаға балалар мұқтаж деп санайды.

2015 жылы селден жапа шеккен алматылықтарға ММА аралас жекпе жек бойынша елінің намысын қорғап жүрген Қуат (Найман) Хамитов 1 млн теңге аударған болатын.

null 

Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында жазған.
Айта кету керек, Алматыдағы селден 3 ауданның үйлері суға кеткен болатын. 1036 адам, 51 бала қауіпсіз жерге көшірілді.

Қазақстандық балуан, грек-рим күресінен КСРО спорт шебері Дәулет Тұрлыханов мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерді спортқа тарту үшін түрлі акциялар өткізуге септігін тигізіп жүр.

null 

Спортшының мұрындық болуымен Маңғыстау облыстық бодибилдинг және фитнес федерациясы осындай шараларды өткізіп тұрады.

Балаларды спорттық формалармен, қажетті құралдармен, оқулықтармен қамтамасыз етіп келеді.

Соңғы жаңалықтар