Қазақстандық спортшылар Варшавадағы еркін күрес турнирінен 6 медаль алды

None
None
ВАРШАВА. ҚазАқпарат – Варшавада Вацлав Циолковскийді еске алуға арналған еркін күрес халықаралық турнирінің екі күндік жарысының қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар бір алтын, үш күміс және екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық балуан Әлішер Ерғали чемпионаттың «алтын» жүлдесіне ие болды. 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан өкілі Нұрислам Санаев финалда ресейлік Арыйаан Тютринге есе жіберіп, екінші орын алды. 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрғали Нұрғайыпұлы түркиялық спортшы Сүлейман Караденизден жеңіліп қалды. Қазақстан активіне «қоланы» Расул Қалиев (61 келі) мен Ералы Әбдірашев (92 келі) әкелді.


Бұдан бөлек, жарыстың екінші күнінде «Урсынов» спорт аренасында қалған бес салмақ дәрежесінде финалға шығу үшін айқас өтті. Қазақстанның намысын екінші күні сегіз спортшы қорғады. Финалға 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Нұрқожа Қайпанов қана шықты.


Қанағат кездесуде 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дәулет Ниязбеков пен Саятбек Оқасов, 86 келіге дейінгі салмақта Әділет Давлумбаев, 125 келіге дейінгі салмақта Юсуп Батырмурзаев пен Олег Болтин күреседі. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Данияр Қайсанов пен 86 келіге дейінгі салмақта Азамат Дәулетбеков бірінші айналымда қарсыластарына есе жіберіп, жекпе-жекті аяқтады.

Соңғы жаңалықтар