+7 (701) 759 90 19
USD 376.43 EUR 407.11
RUB 5.76 CNY 53.55
Jańalyqtar

Қазақстандық спортшылар UFC-де нәтижелі өнер көрсететін болады – Дамир Ысмағұлов

2020 жылғы 17 қаңтар 13:53
Бөлісіңіз:
Қазақстандық спортшылар UFC-де нәтижелі өнер көрсететін болады – Дамир Ысмағұлов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық спортшылар UFC-де нәтижелі өнер көрсететін болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында қазақ спортшысы Дамир Ысмағұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықаралық деңгейдегі қазақ ММА өкілі ретінде аралас жекпе-жектің қазіргі уақытта өте жоғары деңгейде тұрғанын атап өткім келеді. Қазақ спортшыларының UFC-мен келісімшартқа қол қоятын кезі жақындап келеді», - деді ол.

Оның пайымынша, қазақстандықтар UFC жайында жан-жақты білуі қажет.

«Ендігі уақытта UFC турнирлері Қазақстанда да көрсетіле бастайды. Меніңше, бұл өте маңызды оқиға. Адамдар осындай байсалды промоушн бар екенін білуі тиіс. Біздің спортшыларымыз да оған өтіп, лайықты нәтиже көрсететініне сенімдімін. Бұл - жекпе-жек саласындағы зор жетістік. Күш-жігерімізді біріктіру арқылы спортшыларымыздың танымалдығын тек ТМД елдерінде ғана емес, мұхиттың ар жағында да арттыру үшін оларды ілгерілету құрылымын жолға қоя алатынымызға сенімдімін», - деді Дамир Ысмағұлов.

Сонымен қатар ол Қазақстанда UFC телеарнасының іске қосылуына қатысты да пікір білдірді.

«Бұл Қазақстанда ММА-ны дамыту үшін үлкен көмек болады деп ойлаймын. Қазақстан атынан UFC-ге шығатын жігіттерге тек сәттілік тілеймін!», - деді танымал спортшы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, БАҚ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT