Қазақстандық спортшылар парадзюдодан Гран-при жарысында жеңіске жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық спортшылар парадзюдодан Бразилияның Сан-Паулу қаласында парадзюдодан өткен Гран-при турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш додаға әлемнің 13 елінен тоқсандай парадзюдошы қатысып, бақ сынады. Бұл биыл Әзербайжан астанасы Бакуде өтетін әлем біріншілігі алдындағы айтулы жарыс еді.

Гран-при турнирінде Қазақстан намысын 10 спортшы қорғаса, соның 7-еуі жүлдеге ілікті.

Атап айтқанда, Ақмарал Науатбек (-48 кг J2) пен Даяна Федосова (-57 кг J2) топ жарып, чемпион атанса, Бауыржан Арыстанбеков (-90 кг J1) күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ Азамат Нөкішев (-73 кг J2), Ерғали Шамей (-73 кг J1), Жанбота Аманжол (-90 кг J2) және Талғат Әжіғалиев (+90 кг J2) қола медальді жеңіп алды.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияровтың айтуынша, бұл Гран-придің ерекшелігі, онда Париж-2024 паралимпиадасына лицензия үшін ұпай үлестірілді. Міне, осындай бәсі жоғары жарыста аса ауыр салмақта күрескен батысқазақстандық Т.Әжіғалиев қола жүлде үшін бәсекеде бразилиялық қарсыласын жамбасқа салып, таза жеңді.


Фото: csp-parasport.kz


Соңғы жаңалықтар