Қазақстандық спортшылар каное есуден Әлем чемпионатының финалына өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Венгрияның Сегед қаласында байдарка мен каноеде есуден Әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық каноешілер финалға өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Екі адамдық каноемен 200 метрге жарысудан сынға түскен Мерей Медетов пен Тимур Хайдаров 36.76 уақыт көрсеткішімен өз тобында бірінші орын алды.

Осылайша, олар 23 тамыз күні өтетін ақтық кезеңге жолдама алды.

Сондай-ақ, Иван Лукьянов байдаркамен 500 метрге жарысудан жартылай финалға өтті.

Соңғы жаңалықтар