Қазақстандық спортшы жүзуден әлем чемпионатында рекорд орнатып, жартылай финалға өтті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Әділбек Мусин Мельбурн қаласында өтіп жатқан қысқа қашықтыққа жүзуден әлем чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Әділбек Мусин баттерфляй әдісімен100 метр қашықтықты 50,64 секундта жүзіп өтіп, Қазақстан рекордын жаңартты. Іріктеу кезеңінде ол бесінші рет жүзуде мәреге бірінші болып жетті. Нәтижесінде 1/2 финалға жолдама алған 16 мықтының қатарына кіре алды.


Фото: olympic.kz


Соңғы жаңалықтар