Қазақстандық спортшы жеңіл атлетикадан халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды

None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Овчинникова Чехияда өткен World Athletics Indoor Tour — Silver турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ол биікке секіруден алтын медаль жеңіп алды.

Спортшы 190 сантиметр биіктікті бағындырды.

Екінші орын украиналық Юлия Чумаченкоға (187 см) бұйырды.

Үшінші орынды чех Микаэла Хруба (187 см) иеленді.

Фото: Федерация баспасөз қызметі


Соңғы жаңалықтар