+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қазақстандық спортшы Ыстықкөлді жүзіп кесіп өтті

2020 жылғы 6 тамыз 12:12
Бөлісіңіз:
Қазақстандық спортшы Ыстықкөлді жүзіп кесіп өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Токио-2020 Олимпиада ойындарының ашық суда жүзуден лицензиясының иегері қазақстандық жүзгіш Виталий Худяков ең бірінші болып Ыстықкөлді жүзіп өтті. Бұл жаңалықпен спортшы Facebook-тегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Бублик Гамбург турнирінің жартылай финалына шыға алмады Елордада «Денсаулық - зор байлық» марафоны басталды Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған тегін спорт секциялары ашылды

«Виталий Худяков Ыстықкөлді Шолпан-Атадан Қажы-Сай жағажайына дейінгі аралықта жүзіп өтті. 56 шақырымға созылған бағдарды жүзіп өтуге 13 сағаттан астам уақыт кетті. Бұған дейін ешкім бұлай жүзіп өтпеген болатын. Спортшы 5 тамыз күні таңғы сағат 5-15-те жүзуді бастап, 18-30-да жүзіп өткен еді», - делінген спортшының парашасындағы жазбада.

Виталий Худяков – ашық суда жүзуден Азияның төрт дүркін чемпионы, Жағажайдағы Азия ойындарының үш дүркін чемпионы, әлем чемпионаттарында үздіктер «ондығынан» орын алған. Виталийдің жаттықтырушылары – Евгений Худяков пен Бекен Тасбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT