Қазақстандық спортшы UFC ТОП-15 тізіміне енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық спортшы Дамир Исмағұлов промоушндегі бесінші жеңісінен кейін UFC жеңіл салмақтағы үздік спортшылар тізіміне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық менеджер Саят Әбдірахманов Instagram парақшасында жаңартылған рейтинг жариялаған. Онда «Қазақ» лақап атымен танымал Исмағұлов 15-орында тұр.

«ТОП-15-ке қош келдің, Дамир Исмағұлов», - деп қысқа құттықтаған Әбдірахманов.

Еске салайық, «Қазақ» Остиндегі (Техас штаты) UFC турнирінде ұлты грузин Швеция спортшысы Гурама Кутателадзені төрешілердің шешімімен жеңді, алайда келесі аптада Исмағұлов рейтингке енбей қалған болатын. Дамир бұл рейтингке енді кіріп отыр.




Фото: instagram.com/ismagulov_damir

Соңғы жаңалықтар