Қазақстандық спортшы тректегі велоспорттан Азия чемпионы атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сеулде тректегі велоспорттан Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстандық Андрей Чугай құрлық додасының жеңімпазы атанды, деп жазады Olympic.kz.

Қазақстандық спортшы «гит» бағдарламасы бойынша топ жарды. Ол 1 шақырымды 1:01.639 секундта жүріп өткен.

Екінші орынды - Малайзия, үшінші орынды - Қытай спортшылары иеленді.

Айта кетелік, бұл - Қазақстан командасының қоржынындағы екінші медаль. Кеше Әлішер Жұмақан жекелей із кесу сайысында күміске қол жеткізген болатын.

Соңғы жаңалықтар