Қазақстандық спортшы Польшада өткен триатлоннан Еуропа кубогын жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жеңімпаз 5 шақырымға жүгіруде, жүзу және веложарыстан кейін анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық Олимпиада комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Польшаның Жешув қаласында триатлоннан жасөспірімдер арасында Еуропа кубогы өтті. Жарысқа әлемнің 10 елінен 45 спортшы қатысты. Олардың арасында біздің үш атлет бар: Александр Тен, Егор Крупяков және Данил Породнов.

Мәреге бірінші болып қазақстандық Александр Тен келіп, 00:59:51 уақытын көрсетті. Егор Крупяков – 14-орынға (01:02:05), Данил Породнов 16 орынға (01:02:26) ие болды.


Соңғы жаңалықтар