Қазақстандық спортшы параканоэден Әлем кубогының финалына шықты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Венгрияның Сегед атты қаласында параканоэден Әлем кубогы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат спорт басқармасына сілтеме жасап.

Жарысқа барлығы 24 елден 109 спортшы қатысқан. Қазақстан атынан еліміздің параканоэден құрамасының көшбасшылары Жалғас Тайкенов пен Бибарыс Сыпатай өнер көрсетті. KL2 men дәрежесінде алғаш рет 200 метр қашықтықта 12 жастағы Б.Сыпатай финалға шығып, 8-ші орын алды. Ж.Тайкенов жалпы есеп бойынша 11 орынға табан тіреді.

Қазақстандық параканоэшілер дайындалып жатқан келесі дүбірлі дода - әлем чемпионаты болмақ. Ол 2018 жылдың тамызында Португалияда өтеді.

Соңғы жаңалықтар