Қазақстандық спортшы Бакуде өткен турнирде жеңіліп көрмеген әзербайжандықты жеңді

None
БАКУ. ҚазАқпарат – Бакуде (Әзербайжан) аралас жекпе-жектен «Octagon 48» турнирінде жеңіліп көрмеген әзербайжандық Элтаж Хасанов (7-0) пен қазақстандық Жансерік Жақсығұлұлы (4-3) арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жеңіл салмақ дәрежесінде өткен әрі үш раундқа есептелген жекпе-жек мерзімінен бұрын, бірінші раундта аяқталды: Жақсығұлұлы тұншықтыру әдісін сәтті орындап, жеңіске жетті.

Осылайша, Жансерік Жақсығұлұлы кәсіпқой мансабындағы бесінші жеңісіне қол жеткізсе, Элтай Хасанов бірінші рет жеңілісіке ұшырады.


Соңғы жаңалықтар