Қазақстандық сиыр етінің алғашқы партиясы Бейжің нарығына шықты

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қазақстаннан жеткізілген алғашқы 20 тонна сиыр еті Бейжіңнің «Синьфади» ауыл шаруашылығы өнімдерінің ірі көтерме сауда базарына шығарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

113 гектар аумақты алып жатқан «Синьфади» көтерме базары Қытай астанасы тұрғындары тұтынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің 90 пайызын қамтамасыз етеді. 2019 жылы аталған базардың сауда келісімдерінің көлемі 19 млрд долларды құрады.

«Синьфади» базарының әкімшілігі қазақстандық сиыр етінің импортын жылына 5 мың тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр.

Айта кететін мәселе, Қытайдың шетелден сатып алатын етінің көлемі басқа азық-түлік тауарларының көлемімен салыстырғанда ең көбі болып отыр.

Қытайдың Бас кеден басқармасының мәліметтері бойынша, тек 2019 жылдың өзінде сиыр етінің импорты 60% өсіп, 1,66 млн тоннаны құраған.

Соған қарамастан әлемдік нарықта бәсекелестік өсе түсуде. Ет өндіру көлемін енді АҚШ пен Латын Америкасы да (Аргентина, Парагвай және т.б.) үдете түспек.

Руслан Сүлейменов


Соңғы жаңалықтар