Қазақстандық шынжыр табанды ауыр техникалар экспортқа шыға бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ГТ-Т» маркілі алғашқы қазақстандық сүйрегіш техникалар экспортқа жіберілді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2019 жылдың басынан бері ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның «Семей машина құрастыру зауыты» еншілес кәсіпорны Ресейге төрт дана шынжыр табанды сүйрегіш техниканы жіберді, деп xабарлайды ҚР ҚАӨМ баспасөз қызметі.

Зауыттың бас директоры Нұрлан Омаровтың айтуынша, қазіргі уақытта кәсіпорынның өндіретін машиналарының басым бөлігі - Қазақстанның үлесінде және сипаттамасы бойынша шетелдік өнімдерден кем түспейді.

«ГТ-Т» шынжыр табанды сүйргіш көлік - алдыңғы доңғалақтары қозғалысқа түсетін, корпусы көтеруші материалдан жасалған тез жүретін машина. Ол қолайсыз ауа райында топырақта (батпақты жерлерде, қар жауғанда, жолсыз жерлерде, шөл далада, таулы аймақтарда) ауа температурасы + 60 С-ден бастап - 70 С-ға дейінгі жағдайда жұмыс істеуге арналған. Бүгінде «Семей машина құрастыру зауыты» АҚ ТМД аумағында осындай теxниканы шығаратын жалғыз өндіруші», деп атап өтті баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар