Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 22 °С
Алматы: 30 °С
USD 336.39 EUR 390.28
RUB 5.36 CNY 52.42
Жаңалықтар

Қазақстандық Швецияда туған баласын сот арқылы тіркеді

2017 жылғы 13 қазан 09:59 1191
Бөлісіңіз:
Қазақстандық  Швецияда туған баласын сот арқылы тіркеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысының тұрғыны Швецияда босанған, алайда ол туу туралы куәлікті алу үшін сотқа жүгінуге мәжбүр болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА облыстық соттың сайтына сілтеме жасап.

«Алматы облысы Қарасай аудандық соты заңнамалық маңызы бар фактіні белгілеу туралы азаматтық істі қарады. Шағымданушы Швецияда босанған, оған  Норчеппинг қаласы орталық перинатальдық орталығы берген медициналық анықтамасы дәлел бола алады», - делінген облыстық соттың хабарламасында.

Алайда, Қазақстанда туу туралы куәлік алу мүмкін болмаған. Кәмелет жасқа толмаған баланың мүддесін қорғау мақсатында сот оның туылғанын тіркеу фактісін дәлелдеді.

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат