Қазақстандық шорттрекшілер «Азия балалары» ойындарында алтын және күміс жүлде алды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қазақстандық шорттрекшілер Ресейдегі Оңтүстік Сахалинде өтіп жатқан «Азия балалары» І Халықаралық қысқы спорт ойындарында алтын және күміс жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық спортшылар эстафеталық сында үздіктер қатарынан көрінді.

Қыздар арасында Мария Горбунова, Іңкәр Нұрланова, Алина Әжіғалиева және Мәлика Ермек 2 мың метрлік эстафетада екінші орынға ие болды.
Сонымен қатар Айбек Нәсен, Есей Ибраев, Вадим Садовников, Дамир Құрманов және Валерий Клименко осындай эстафеталық сында алтыннан алқа тақты.

Шорт-тректен БҚО құрамасының аға бапкері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Максим Лозовойдың айтуынша, осылардың ішінде Алина Әжіғалиева мен Есей Ибраев Оралдан барды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас биатлоншы Вадим Куралестің алтын алғанын жазған болатынбыз.

Бүгін В.Куралес 10 км қашықтықта мәре сызығын үшінші болып кесті. Ал тағы бір қазақстандық Вероника Шишкина тұғырдан секіруден чемпион атанды. Биатлоншы Арина Шешукова екінші күміс медалына қол жеткізді.

null null null

Соңғы жаңалықтар