Қазақстандық шенеуніктер қолына домбыра алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық домбыра күніне министрлер мен әкімдер де өзінше үн қосып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әуелі Сауда және интегарция министрі Бақыт Сұлтанов қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, «Ерке сылқымнан» үзінді орындаған болатын.

«Жақында Орталық Азияға жасаған сапарымда ауған шекарасынан 500 метр қашықтықта домбыра үнін естідім. Елден барған делегация жат жерде домбыра үнін естіп, көңілдері көтеріліп, қол шапалақтады.

Мен қай елде болсам да, домбыраның үні мені әрқашан үйіме жетелейді. Сондықтан болар, домбыраны «қазақтың жаны» деп атайды. Қазір «қазақстандықтың жаны» деп айту дұрысырақ болар», -деп жазды министр Facebook парақшасында.


Домбыраның тарихы қысаша тоқталған Сауда және интеграция министрі қандай заман келсе де, домыбарының «сәннен шықпайтынына» сенім білдірген.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов те ұлттық өнерден кенде емес екенін көрсетіп, композитор Ренат Гайсинмен бірге Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін ойнады.

Мерекеге орай әкім елорда тұрғындары мен әріптестерін домбырада ұлттық күйлерді орындау челленджіне қатысуға шақырды.

«Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова және басқа да көптеген композиторлардың күйлері халқымыздың жадында мәңгі сақталады. Елбасы атап өткендей, домбыра әуендері - ерекше музыка, ал аспаптың өзі – «қазақтың жаны». ( ... ) Жеткіншектер мен жастарымыздың ұлттық аспапта ойнауға белсенді қызығушылық танытатыны қуантады», - деп жазды елорда әкімі өзінің Instagram парақшасында.


Еске салсақ, 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі қазақтың төл аспабының күні ретіне тойланып келеді.

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне арналған концертке қатысып, қазақстандықтарды айтуыл күнмен құттықтады.

«Бұл – халқымыздың тамыры тереңде жатқан төл өнерін дәріптейтін мейрам. Қазақ пен домбыра – бір-бірінен бөле-жаруға болмайтын егіз ұғым. Домбыра – көне заманның аңыздарына арқау болған киелі аспап. «Ақсақ құлан» күйінің шығу төркінін білмейтін қазақ кемде-кем. Ежелгі дәуірден жеткен қастерлі домбыра ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келеді. Қазақ сан ғасырлық шежіресінің куәсі болған қасиетті аспапты бойтұмарына балаған. Қазіргі тілмен айтсақ, бұл – біздің ұлттық брендіміз», – деді Президент.

Ұлттық өнер жанашырларының айтуынша, бүгінге дейін домбыраның жеті түрі жойылып кеткен.

Ұлттық домбыра күні 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі қазақтың төл аспабының күні ретіне тойланып келеді.




Соңғы жаңалықтар