Қазақстандық шекарашылар браконьерлерден 41 итбалық тәркіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің сарбаздары арнайы жүргізілген шара барысында браконьерлерден 41 итбалық тәркілеген. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Қазақстан Республикасының Шекара қызметі Каспий теңізінің биологиялық түрлерінің сақталуына бағытталған шараларды әрі қарай іске асыруда. 2020 жылғы қазан және қараша айларында Каспий теңізінің акваториясында браконьерлік әрекеттердің жолын кесу және акваториялық ресурстарын күзету бойынша РФ Федералды қауіпсіздік қызметінің Шекара қызметімен бірлескен жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында шекаралық кеңістікте 111 заң бұзушы анықталған.

Оның ішінде 20 шекаралық режимді, 89 аймақтық және ішкі сулардың және балық аулау ережелерін бұзған 2 бұзушыны құрықтады, 2,66 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.

«Сондай-ақ 5 жүзу құрал, 9 қозғалтқыш, 281 астам шақырым браконьерлік ау, 71 басқа аулау құралдары олардың ішінде: 1573 дана (7,8 мың.кг) бекіре тұқымдас балықтары, 4 719 (4,6 мың. кг) дана балық түрлері, сонымен қатар 41 итбалық тәркіленді. Каспий теңізінде Шекара қызметінің іс-қимыл қорытындысы бойынша әр түрлі биологиялық ресурстардың 2 млрд теңгеден астам шығынының алды алынды»,-делінген ҚР ҰҚК таратқан баспасөз мәліметтерінде.


Соңғы жаңалықтар