Қазақстандық шекарашы Тәжікстанның «Спитамен» орденімен марапатталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тәжікстан Елшісі қазақстандық батыр шекарашының анасына «Спитамен» орденін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасындағы Тәжікстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ибодзода Хайрулло ерлікпен қаза тапқан шекарашы Раджан Батырқановтың анасы – Қизат Жылқыбаққызы Батырқановаға 1-дәрежелі «Спитамен» орденін табыс етті.

Айта кетейік, Тәжікстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 252 Жарлығымен Республика Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне және қызметтік борышын орындау кезінде танытқан батылдығы мен табандылығы үшін Батырқанов Раджан Армияұлы қайтыс болғаннан кейін 1-дәрежелі «Спитамен» орденімен наградталған.


Соңғы жаңалықтар