+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қазақстандық Шанхайдағы 6 мың студенттің арасынан үздік деп танылды

2016 жылғы 15 желтоқсан 13:56
Бөлісіңіз:
Қазақстандық Шанхайдағы 6 мың студенттің арасынан үздік деп танылды

БЕЙЖІҢ-ШАНХАЙ. ҚазАқпарат - Шығыс Қытай педагогикалық университетінің «Халықаралық саяси теория» мамандығының 2-курс магистранты Азиза Қоғамова «2016 жылдың үздік студенті» атағын «академиялық қызмет» номинациясы бойынша жеңіп алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.

14 желтоқсанда өткен үш кезеңнен тұратын конкурсқа 300-ден астам шетел студенттері, басым бөлігі ECNU қоғамдық өмірі мен академиялық үлгерімі жақсы білім алушылар қатысты. Олар білім ошағындағы 6 мың шетел студенттерінің арасынан іріктелініп алынды.

«Мен ата-анам мен елімнің артқан үмітін ақтауға тырыстым. Тәуелсіз Қазақстанның жастары атынан қатысып, еліміздің оң имиджін қалыптастыруға атсалысқаным үшін өте қуаныштымын. Мен өз жеңісімді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаймын!» - деді А. Қоғамова ҚазАқпарат тілшісіне салтанатты марапаттаудан кейін.

null

Шығыс Қытай педагогикалық университеті 1951 жылы Шанхайдағы екі ескі - Ұлы Қытай университеті (Дася, 1924 ж.) мен Гуан Хуа университетінің (1925 ж.) бірігуі арқасында құрылды. ECNU ғалымдарды, дәрігерлерді, мемлекеттік қызметкерлерді, сондай-ақ бизнесмендерді дайындап, гуманитарлық және әлеуметтік салалардағы ұлттық зерттеулерді жасайтын ҚХР-дағы алғашқы педагогикалық университеттердің бірі.

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT