Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Австрияда жарыс жолына шықпады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Неміс журналисті Хайо Зеппельт Твиттерінде Австрияның Зеефельде қаласында шаңғы жарысынан өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан, Австрия мен Эстония спортшылары антидопингтік ережелерді бұзды деген күдікке ілінгенін жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.

«ARD ақпараты бойынша, күдікке чемпионат өтіп жатқан жарыстың иелері - австриялықтар, сонымен бірге Эстония мен Қазақстан спортшылары ілінген. Қандағы допинг пе? 15 шақырымдық ерлер арасындағы жарыстың дәл алдында қылмыс үстінде біреу ұсталды деген күдіктемін», - деп жазады Зеппельт.

Хабарланып отырғандай, австриялық шаңғышылар Доминик Балдауф пен Макс Хаукені қазірдің өзінде полиция ұстаған. Олардан бөлек, 15 шақырымдық классикалық жарыс жолына Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алексей Полторанин, сонымен бірге эстондық Андреас Веерпалу мен Карел Таммъярв шықпаған. Жалпы, полиция төрт елден 9 адамды ұстаған. Олардың бесеуі - спортшылар.

Еске сала кетсек, өткен жылдың қараша айында бір топ қазақстандық биатлоншы антидопингтік ережені бұзды деген күдікпен жарыстан шеттетілген болатын. Олардың ішінде Алексей Полтораниннің зайыбы - биатлоншы Ольга Полторанина да бар еді.

Соңғы жаңалықтар