Қазақстандық шахматшылар Азия ұлттар кубогында қос алтын медаль алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шахматтан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрама командалары Азия Ұлттар кубогынан 12 медальмен оралды. Ринат Жұмабаев пен Гүлісхан Нахбаева құрама қоржынына 2 алтын медаль салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Шахмат федерациясына сілтеме жасап.

Иранның Хамадан қаласында рапид, блиц және классикалық шахматтан өткен додада жерлестеріміз 2 алтын, 2 күміс және 8 қола медаль еншіледі.

Рапид турнирінің бірінші тақтасында халықаралық гроссмейстер Ринат Жұмабаев (Эло рейтингі - 2608) алтын медальды жеңіп алды.

Классикалық шахмат бойынша сынға түскен қазақстандықтар - Петр Костенко (2451) күміс, Мұртас Қажғалеев (2575) қола медальды қоржынға салды.

Турнир дебютанты, 18 жастағы ФИДЕ шебері Денис Махнев (2438) те көзге түсті. Классикалық шахмат және блиц бойынша жарыстарға қатысқан жас спортшы екі қола медальды жеңіп алды.

Әйелдер арасында классикалық шахмат бойынша сынға түскен халықаралық әйелдер гроссмейстері Гүлісхан Нахбаева (2352) алдына жан салмай, алтын медальды жеңіп алды. Халықаралық шебер Жансая Әбдімәлік (2481) қола медальмен шектелді. Блиц турнирінде әйелдер арасында халықаралық шебер Гүлмира Дәулетова (2273) күміс медаль алды. Блиц турнирінде Г. Нахбаева мен Әсел Серікбай (2128) қола медальға қол жеткізді. Ерлер арасында халықаралық шебер Динара Сәдуақасова да рапид және блиц бойынша екі қола медальды еншіледі.

Құрлықтық шахмат додасына 11 елдің құрама командалары қатысты. Қазақстанның ерлер құрамасы 4-ші, әйелдер құрамасы 5-орынмен елге оралды.

null null 

Соңғы жаңалықтар