Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева елге оралмақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Шахмат федерациясы Бибісара Асаубаеваның Қазақстанға оралатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«7 ақпан күні ҚШФ президентіне спортшының менеджері хабарласып, оның Қазақстан Шахмат федерациясына оралу жайындағы өтінішін жеткізді. Ресейдің Шахмат федерациясы да бұған келісімін берген. ҚШФ өз кезегінде спортшының елге оралуына қажетті құжаттар мен өтініш жіберді. Жуық арада Халықаралық шахмат федерациясы шешім қабылдайды деп үміттенеміз», - дейді ҚШФ атқарушы директоры Ирина Грищенко.

Еске салайық, Бибісара Асаубаева Таразда туып-өскен, Қазақстан туын көтеріп, төрт мәрте әлем чемпионатын жеңіп алды. Екі жыл бұрын анасы Лиана Таңжарықова жас шахматшының Мәскеу облысының Шахмат федерациясына ауысатыны туралы шешім қабылдаған болатын.
Авторы: Данияр Дәуітәлиев

Соңғы жаңалықтар