Қазақстандық сейсмологтар Қытайдағы жер сілкінісін тіркеді

Фото: Фото: aa.com.tr
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісі 29 тамыз күні Алматы уақыты бойынша сағат 14:08-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 426 км қашықтықта Қытай аумағында болған.

Зілзаланың энергетикалық класы 11.0.

Магнитудасы 4.9. MPV.

Эпицентрінің бағыты 39.47° с.е. 78.04° ш.б. жатыр.

Тереңдігі 15 км.

Сезілуі туралы ақпарат жоқ.