Қазақстандық сейсмологтар Қытайдағы жер сілкінісін тіркеді

None
Photo: Getty Images
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі сағат 14:54-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 266 км қашықтықта Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық класы – 10.5.

MPV Магнитудасы – 4.8.

Эпиошақ координаттары - 41.04° с.е. 78.28° ш.б.

Тереңдігі – 10 км.

МSК-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы ақпарат: жоқ.


Соңғы жаңалықтар