Қазақстандық сейсмологтар Қытайда жер сілкінісін тіркеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 20 тамыз күні cағат 01:36-да жер сілкінісін тіркеді», - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан 464 шақырым жерде, Қытай умағында орналасқан. Энергетикалық класы – 9.1. MPV магнитудасы - 4.1. Жер сілкінісі эпицентрінің бағыты - 43.37° с.е. 82.62° ш.б. Тереңдігі – 25 шақырым. МSК-64 шкаласы бойынша сезінушілік туралы мәліметтер жоқ», - делінген кезекші оператордың хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар