Қазақстандық сейсмологтар Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 12 тамыз күні 23 сағат 35 минут 32 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 270 км қашықтықта Қытай аумағында жатыр. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.9. Магнитудасы MPV 4.3. Ошағының бағыты 40.92° с.е. 78.02° ш.б. Тереңдігі 5 км. Сезілуі туралы дерек жоқ»,-делінген хабарламада


Соңғы жаңалықтар