Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстан аумағындағы жер сілкінісін тіркеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 25 шілдеде Алматы уақыты бойынша 5 сағат 54 минутта Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық стансалар желісінде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 297 шақырым қашықтықта - Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.3. MPV магнитудасы - 4,7.

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.



Фото: dip.org.ua


Соңғы жаңалықтар