Қазақстандық сенаторлар Өзбекстандағы сайлау барысын бақылады

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстандық сенаторлар Ерболат Мұқаев және Ғұмар Дүйсембаев ТМД ПАА және ЕҚЫҰ ПА миссиясының құрамында Өзбекстандағы сайлауды байқауға қатысты. Бұл жөнінде Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

ТМД ПАА-ға қатысушы жеті мемлекет парламенттерінің атынан ТМД ПАА-ның байқаушы 38 өкілі Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Заң шығару палатасына сайлау мониторингін өткізді. ТМД ПАА-ның байқаушылары округтік 3 сайлау комиссиясында және 145 сайлау учаскесінде болды.

Мониторинг қорытындысы бойынша ТМД ПАА байқаушылары Өзбекстанның сайлау заңнамасы елде демократиялық сайлау өткізу және сайлау үдерісіне барлық қатысушылардың құқықтары сақталуы үшін қажетті барлық жағдайды қамтамасыз еткені туралы қорытынды жасады.

Мониторинг жүргізілген дауыс беру орындарының басым көпшілігінде қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың және кандидаттардың сенімді өкілдері, сондай-ақ халықаралық мониторинг өткізу миссияларының мүшелері қатысты. ТМД ПАА байқаушылары әңгіме кезінде сайлауды ұйымдастыру мен өткізу барысында маңызды ескертулер жоқ екенін айтты.

Еске сала кетейік, біз Өзбекстандағы парламент сайлауының нәтижесін жариялаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар