Қазақстандық семсерші қыз Азия чемпионы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппинің Манила қаласында семсерлесуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен Азия чемпионатында қазақ қызы Әйгерім Сарыбай чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей саблядан әйелдер арасындағы сында Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Әйгерім Сарыбай ешкімге дес бермей бас жүлдені қанжығасына байлады. Тағы бір спортшымыз Айбике Хабибуллина күміс медаль иеленді.

Айта кетейік, екі спортшы да ірі халықаралық турнирлерде Қазақстан намысын абыроймен қорғап жүр. Әйгерім Сарыбай мен Айбике Хабибуллина командалық сында Азия ойындарының қола жүлдегері атанған болатын.

Соңғы жаңалықтар