Қазақстандық семсерлесуден әлем чемпионатында алтын жеңіп алды

2022 жылғы 4 желтоқсан, 09:27
Қазақстандық семсерлесуден әлем чемпионатында алтын жеңіп алды

АСТАНА. Ташкентте семсерлесуден жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық семсерлесу федерациясының Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Жарыстың бірінші күні спортшымыз Лукин Богдан семсерлесуден әлем кубогының жекелей біріншілігінің алтын медалін жеңіп алып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Жартылай финалда мысырлық Шамель Юсефті 15:7 есебімен ұтқан Богдан финалда турнир иесі өзбекстандық Тимуров Мейірханмен кездесіп, 15:12 есебімен жеңіске жетті.

Мұстафин Ғабидин, Георгий Тинников және София Ақтаева 1/8 финалда жеңіліп, медальға бір қадам қалғанда жарысты тоқтатты.

Бүгін командалық кездесулер өтеді.


Ұқсас жаңалықтар
Теги:
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar