Jańalyqtar
Қазақстандық Сауд Арабиясында тұтқындалды
2018 жылғы 15 қазан 14:24
Бөлісіңіз:

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының тумасы Сауд Арабиясында қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Елімізде деструктивті салафилік діни ағым уағыздаушыларының белді мүшесі, заңсыз миссионерлік қызметпен айналысып келген Сарыағаш ауданының тумасы Ділмурат Махаматов Сауд Арабиясы Королдігі құқық қорғау қызметкерлері тарапынан тұтқынға алынды. Ол сол елде отырып интернет желісі арқылы Қазақстан азаматтарына заңсыз уағыз жүргізген»,- делінген Сарыағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ділмурат Махаматов «Ділмурат Абу Мухаммад» атымен интернет желісінде танымал болған. Ол елімізде ұлттық, нәсілдік алауыздықты қоздыру бабымен айыпталып отыр.
Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Карантин: Ақмола облысында діни объектілердің қызметіне тыйым салынды
- Асқар Мамин Түркістан қаласының даму барысын тексерді
- Түркістан облысында алаяқтық жасап 80 млн теңге алған әйел ұсталды
- Оралда тіркелмеген діни бірлестіктің заңсыз қызметі әшкереленді
-
Келес ауданында құны 1 млрд теңгенің жобалары іске қосылады
-
Түркістан облысында 7 аурухана салынып жатыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER