Қазақстандық сарбаздар халықаралық байқауға дайындалып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Суворов тегеуріні» халықаралық байқауына қатысу үшін әскери қызметшілерді іріктеу басталды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Спасск» оқу-жаттығу орталығының базасында Қарағанды гарнизонының әскери қызметшілері жаяу әскер және жауынгерлік машина (ЖӘЖМ-2) экипаждары құрамында Халықаралық армия ойындарының «Суворов тегеуріні» байқауында Қазақстан Қарулы Күштерінің намысын қорғау үшін бақ сынауда.

Байқау қатысушыларына 2 кезеңнен өту керек. Ең алдымен, 3 адамның экипаж құрамындағы жеке жарысы, танкіге қарсы гранатаатқыш түрінде нысана арқылы қосарлы оқшашардан, ЖӘЖМ мен тікұшақтан, автоматты зеңбіректен оқ атуды орындай отырып, 3-5 км үш шеңберді айналады. 2-кезеңде эстафета өтеді.

Байқау шарттарына сәйкес экипаж қашықтығы 3-5 км құрайтын 4 шеңберді айналады. Онда оларға қоршаулар мен маневрлеу учаскесі түріндегі кедергілерден, атыс жолағынан, танкіге қарсы ордан, көпірден өтуге тура келеді. null

Одан басқа, бірнеше атыс шептерінде ЖӘЖМ-нің экипажына жаяу әскердің ұрыс машинасы, танкіге қарсы гранатаатқыш, тікұшақ, танкіге қарсы зеңбірек, жерүсті қондырғы түріндегі нысаналарға дөп тигізу қажет. Жоғары нәтижелер көрсеткен әскери қызметшілер 2019 жылғы Армия халықаралық ойындарында ҚР Қарулы Күштерінің құрама командасы құрамында сайысқа түсетін болады.

null

Соңғы жаңалықтар