Қазақстандық сарбаздар ережесіз жекпе-жектен Азия чемпионатында көш бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бангкокта (Таиланд) IMMAF-WMMAA әлемдік ұйымы аясында ММА аралас жауынгерлік жекпе-жектен Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінң ресми сайтына сілтеме жасап.

Онда Армия орталық спорт клубының спортшылары алтын және күміс медальдарға ие болды.

Қазақстан әскерінде қызмет ететін балуан Аян Тұрсын 46,7 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды иеленіп, Азия чемпионы атанды.

Қарулы Күштердің қоржынына 61,2 келіге дейінгі салмақта «күміс» жүлдені Сора Рахмонова салды.

Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жеті алтын, тоғыз күміс және бес қола медальға ие болды. Осының арқасында қазақстандық жауынгерлер бірінші орынды иеленді.

Соңғы жаңалықтар