+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Қазақстандық сарбаз Мәскеуде WTKF турнирінде жеңімпаз атанды

2019 жылғы 4 желтоқсан 09:50
Бөлісіңіз:
Қазақстандық сарбаз Мәскеуде WTKF турнирінде жеңімпаз атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресей астанасында Vegas City Hall-да WTKF 4 жылдың қорытынды турнирі өтті.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда әйгілі «Қара майордың» құрметіне ескерткіш тақта ашылды Қазақстан мен Түркия әскери даярлықтың тәртібін айқындады ҚР Қарулы Күштерде тактикалық-саптық сабақтар өтуде

Оның аясында самбо мен қоян-қолтық ұрыс бойынша 6 жекпе-жек өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің Орталық армиялық спорт клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шара шеңберінде ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық армиялық спорт клубының (ОӘСК) жартылай жеңіл салмақтағы спортшысы Сәбит Жүсіпов (8-2) өзбекстандық жауынгер Фарух Салимовпен (1-0) күш сынасты. Айқас үшінші раундтың ортасында аяқталып, әскери спортшы техникалық нокаутпен жеңді. Ол тізесімен қарсыласының денесіне күйрете соққы берді.

«World Total Kombat Federation (WTKF)» — өткен жылы күзде Швейцарияда құрылған жаңа жекпе-жек ұйымы. Ресейде оны танымал промоутер Владимир Хрюнов басқарады. Айқастың ережесі бойынша, қатысушылар үздіксіз айқасуы керек, себебі оларға қарсыласты аударуға және партердегі жұмысқа 30 секунд беріледі. Бұл турнир «Zharafight» жобасы аясында өтті. Оның президенті Стивен Сигал», - деді қоян-қолтық ұрыстан ОАСК командасының бастығы майор Мұрат Бижанов.

Айта кетейік, бұл айқас ОАСК спортшысының биыл қатысып жатқан үшінші сайысы. Қазанда әскери қызметкер Нұр-Сұлтанда өткен M-1 Challenge 105 турнирінде ресейлік Глеб Хабибуллинді жеңді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT