Қазақстандық сарапшылар Орталық Азиядағы әріптестерімен діни экстремизмнің алдын алу бойынша тәжірибесін бөлісті (ФОТО)

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстан астанасында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Лаңкестікке қарсы орталығы (ТМД ЛҚО) және Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің ұйымдастыруымен эксперттік кездесу өтіп, соның аясында діни радикалдандыру алдын алу және пенитенциарлық мекемелерде оңалту жұмысы әдістемесінің проблемалары талқыланды.

Шараға қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтердің, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның қылмыстық-атқару жүйесі органдарының, ТМД ЛҚО-ның Орталық Азия аймағы бойынша бөлімшесінің, Орталық Азия аймағындағы ТМД мемлекеттерінің ұлттық алдын алу және оңалту орталықтарының өкілдері, дінтанушы эксперттер және БАҚ өкілдері қатысты.

Модератор ретінде Орталық Азия аймағы бойынша ЛҚО бөлімшесінің қазақстандық өкілі Мұхтар Қалиев ілкі жобаның басталуы, оның мақсаттары туралы жариялады.

«Ақниет» орталығының басшысы А.Шәуметовтің сөзінде Қазақстанда ҚР Дін істері бойынша комитетінің көмегімен қызмет жүргізіп отырған 20 оңалту орталығы бар екенін атап өтті. Эксперт «Ақниет» орталығының атқарып жатқан жұмысынан хабардар етті. Қазақстандық тәжірибе, арнайы әзірленген және қолданып отырған әдістемелер, сондай-ақ олардың діни радикалдық-экстремистік ағымдардың жақтаушыларына түзетуші әсер ету мүмкіндіктері туралы баяндады.

«Егер сандарға көшсек, екі жылдың ішінде біз 400-ге жуық сотталушыны иландырдық. 200-ден астам жас азаматпен алдын алу жұмыстарын өткіздік, кейін олар сириялық-ирактық әскери іс-қимылдар аймағына барудан бас тартты».

Кездесудің қорытындыларын шығара отырып, ТМД ЛҚО-ның өкілдері әдістемелік ұсыныстарды даярлау қажеттілігі туралы пікірлерін білдірді.

2
3
4
5
6
7

Соңғы жаңалықтар