USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Қазақстандық самбошылар әлем чемпионатында үшінші орынға тұрақтады

2021 жылғы 20 қазан 17:48
Бөлісіңіз:
Қазақстандық самбошылар әлем чемпионатында үшінші орынға тұрақтады

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Қазақстандық самбошылар әлем чемпионатында үшінші орын иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Грекияның Салоники қаласында самбодан жастар арасында Әлем чемпионаты өтті. Додаға 26 елдің үздік спортшылары қатысты.

Қазақстан құрама командасы сапында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясының спортшылары бақ сынасты.

Олар ел қоржынына үш қол медаль әкелді. Жалпы, қазақстандық команда екі алтын, төрт күміс, он қола медаль алды.

Жалпыкомандалық есепте ел құрамасы үшінші орынды иеленді.

Семейлік Ажар Асхат осындай жоғарғы деңгейдегі жарысқа бірінші рет қатысып отыр.

«Жарысқа жақсы дайындықпен келдік. Жүлделі орын алғаныма қуаныштымын. Осы ретте, №1 ШҚО олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, самбо күресінен Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген жаттықтырушысы Мерейғалы Көшкіновке, бапкерлерге және барша жанкүйерлерге алғысымды білдіремін», - деді спортшы.

Айта кетейік, биыл самбо күресі Олимпиадалық спорт түрлері тізіміне енгізілген болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT