Қазақстандық самбошы «Харлампиев мемориалы» турнирінде жеңімпаз атанды

None
None
НҰР-АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық палуандар Мәскеуде самбодан өткен «Харлампиев мемориалы» әлем кубогы жарысында бір алтын, бір күміс, төрт қола медальды жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық самбо федерациясы хабарлағанындай, екі күнге созылған айтулы додада ерлер мен әйелдер арасында және әскери самбодан 27 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз-жүлдегерлер анықталды.

Қазақстан құрамасынан 52 кг салмақта сынға түскен 2018 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы Бағлан Ибрагим қарсыластарының бәрінен басым түсіп, чемпион атанды. Ол финалда ресейлік самбошы Алексей Клюкинді жеңді.

null Әйелдер арасында 68 кг салмақта белгілі самбошы Ділдәш Күрішбаева соңғы бәсекеге дейін алқынбай жетті. Әйтсе де ол финалда моңғолиялық спортшыға есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Тағы бір қазақстандық Айнұр Ақжігітова 72 кг салмақта жүлделі үшінші орыннан көрінді.

Сондай-ақ Қайырберді Айдынбай (57 кг), Парасат Жұмабаев (62 кг) қола медальға ие болды.null

Әскери самбодан Темірлан Оразов қана жүлдеге ілікті. Ол 57 кг салмақта қола жүлдегер атанды.

«Харлампиев турнирі» - биыл Корея астанасы Сеулде өтетін әлем чемпионаты алдындағы маңызды жарыстардың бірі.

Еске сала кетейік, өткен жылы осы турнирде қазақстандық самбошылардың 8 жүлде алғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар