Қазақстандық самбошы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалы балуан Ернар Қуандық Сербияның Нови-Сад қаласында жаөспірімдер арасында өткен самбодан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыр спортшысы әлем чемпионатында төрт белдесуге шықты. Оның үшеуінде қарсыластарын айқын басымдықпен қапы қалдырды. Алдымен украин балуан жеңсе, одан кейін молдован және армян спортшыларынан басым түсті. Финалда Ресей балуанына есе жіберіп қойды.

Әлем чемпионатына дүние жүзінің 28 елінен балуандар келді. Біздің еліміздің құрамасы 1 алтын, 3 қола медаль алып қайтты.

«Алға қойған мақсатым көп. Солардың бірі - жастар арасындағы әлем чемпионатында бақ сынау. Аталмыш жарыста жеңімпаз қатарынан көрінуге күш салсам деймін», - деді Ернар Қуандық.null 

Ернар самбомен бірге дзюдо және қазақ күресінен бақ сынап келеді. Ол самбо мен қазақ күресінен ел чемпионы атанып үлгерді. Ал дзюдоан екі мәрте алтыннан алқа тақты. 

Оны жарысқа Мақсат Оспанов пен Дархан Сержанов дайындады.null

Бұдан бұрын қызылордалық грек-рим күресінің шебері Айдос Сұлтанғалидың Мажарстанда өткен әлем біріншілігінде жүлдегер атанғанын хабарлаған едік. Сондай-ақ, ол ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында 2020 жылғы Олимпиадада ел намысын қорғауды мақсат ететінін айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар