Қазақстандық сақтандыру компаниясы «Газпром» АҚ-ына 14,5 млн. теңге төледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Евразия» сақтандыру компаниясы «Газпром» АҚ 14,5 млн. көлемінде өтемақы төледі. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.

Оқыс оқиға 13 наурызда 2013 жылы Ресейдің «Ямал» жобасына жататын Бованенковск ГП-2 газ кенішінде орын алған болатын. Жарылыс салдарынан цехтың ғимараты, жылу желілері, жабдықтардың біраз бөлігіне нұқсан келген. 8 адамды күйік шалып, ЯНАО ауруханасына жатқызылған еді. Мамандардың айтуынша, апатты жағдай Бованенковск кенішіндегі газ өндіру жұмыстарына кедергі келтірмейді. Газ өндіруші компанияның бірқатар мүліктері қазақстандық сақтандыру компаниясы арқылы сақтандырылған болатын. Соған байланысты компания «Газпром» АҚ-ына 58 мың еуро (14,5 млн. теңге) көлемінде төлем төледі.

Соңғы жаңалықтар