Қазақстандық садақ атушылар Олимпиадаға лицензия жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық садақ атушылар Нидерландыда өтіп жатқан әлем чемпионатында Токиодағы Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды (командалық сайыс), деп xабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің мәліметіне сәйкес, Денис Ганькин, Санжар Мұсаев, Ильфат Абдулин 1/8 финалда Рио Олимпиадасының күміс жүлдегерлері АҚШ садақшыларын 6:0 есебімен жеңді.

Бұл нәтиже командамызға Токиодағы Олимпиада ойындарына жолдама алуға мүмкіндік берді.

«Қазақстан үшін бұл лицензияның маңызды болып табылатыны, 2000 жылғы Сидней Олимпиадасынан кейін, 20 жылдан соң, еліміз Олимпиаданың командалық жарыстарына қатысады», - делінген ҚР ҰОК ақпаратында.

Соңғы жаңалықтар