Қазақстандық садақ атушылар 33 команданың ішінен 4-ші орынды еншіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Берлинде садақ атудан өткен Әлем кубогының 4-ші кезеңінде қазақстандық спортшылар 33 команданың ішінен 4-ші орынға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, аталған сынға қатысқан қазақстандық спортшылар алғашқы бестіктен көрінді. Жерлестеріміз 33 команданың ішінен 4-ші орынға ие болды.

Классикалық садақ атуда ұлттық құраманың үздігі саналатын Денис Ганькин 5-ші орынға қол жеткізсе, осы бағдарлама бойынша сынға түскен Санжар Мұсаев пен Сұлтан Дүзелбаевтар 9-шы сатыға табан тіреді. Бұл бәсекеге жалпы есебі 136 спортшы қатысты.

Классикалық садақ атудан командалық сында Қазақстан ұлттық құрамасы төртінші орын иеленді. Қазақстан намысын Денис Ганькин, Санжар Мұсаев және Ильфат Абдуллин қорғады. Командалық бәсекеге жалпы есебі 33 команда қатысты.

Компаунд бәсекесінде Ақбарәлі Қарабаев 8-ші орынға жайғасты. Ал осы сайыстағы командалық сында К. Солодовников, П. Фишер және А. Қарабаев үштігі 9-шы орынға табан тіреді.

Әйелдер арасындағы компаунд сынында Д. Макарчук, А. Жексенбинова және В. Лян үздік сегіздікке енді.

Соңғы жаңалықтар