Қазақстандық режиссердің картинасы Үндістандағы кинофестивальге қатысады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Түнгі құдай» кинокартинасы Үндістандағы кинофестивальде азиялық конкурстық бағдарламаға қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақфильм» киностудиясына сілтеме жасап.

Халықаралық кинофестиваль 21-28 ақпан күндері Үндістанның Бангалор қаласында өтеді. Bengaluru International Film Festival-да азиялық және үнді фильмдерінің конкурстық бағдарламалары бар. Сондай-ақ, конкурстан тыс бағдарламаға тағы бір қазақстандық режиссер Эмир Байғазиннің «Өзен» картинасы қатысады.

Айта кетейік, «Түнгі құдайдың» әлемдік премьерасы 2018 жылдың сәуір айында Мәскеу халықаралық кинофестивалі аясында өтті. Одан бөлек, фильм Париждегі L'Etrange Festival-де, Ресейдегі «Край Света» ХКФ, Индонезиядағы Jogja-NETPAC Asian Film Festival және Алматыдағы Шәкен Айманов атындағы ХКФ-да көрсетілген болатын.

Бұған дейін режиссердің 2016 жылы жарық көрген «Қаратас ауылындағы оба» кинокартинасы Роттердамдағы 45-ші NETPAC халықаралық кинофестивалінде қазылар алқасының сыйлығын жеңіп алды. Ал «Әлемге жылы бейжайлық» фильмі 2018 жылғы Канн кинофестивалінің «Ерекше көзқарас» конкурстық бағдарламасына енді.

Соңғы жаңалықтар