Қазақстандық режиссердің фильмі Австриядағы кинофестиваль жүлдесіне ие болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық режиссер Бахтияр Исламовтың «Эдип тұратын жақта» қысқа метражды фильмі Австрияның Ленцинг қаласында өткен 45-інші халықаралық «Festival of Nations» кинофестивальінде «Үздік эксперименттік фильм» номинациясына ие болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі фильм продюсері Дарья Корнееваға сілтеме жасап.

«Эдип тұратын жақта» - Алматы облысында түсірілген қысқа метражды фильм. Режиссері, сценарий авторы және қоюшы-операторы - Бахтияр Исламов, продюсері - Дарья Корнеева. Ленцингте фильмнің тұсаукесері өтті. Төрешілердің айтуынша, фильм кадр айқындылығымен ерекшеленеді. Бұл соңғы бірнеше жылда фестивальға Қазақстан атынан ұсынылған бірінші фильм. «Үздік эксперименттік фильм» номинациясын да Қазақстан алғаш рет иеленіп отыр.

 «Festival of Nations» -  Австриядағы ертеден келе жатқан коммерциялық емес қысқа метражды фильмдер фестивалі, UNICA ұйымы (ЮНЕСКО мүшесі) және Австрия үкіметінің қолдауымен өткізіледі. Фестивальге жылына әлемнің 55 мемлекетінен 1000-нан астам өтініш түседі. 

Соңғы жаңалықтар