Қазақстандық режиссер Владимир Татенко өмірден озды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда белгілі режиссер, журналист Владимир Татенко 86 жасқа қараған шағында көз жұмды. Бұл туралы ақпаратты «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі растады.

Владимир Татенко 1929 жылы Донецк облысында туған. Еңбек жолын «Социалистік Қарағанды» газетінде тілші ретінде бастаған.

Кейін 1960-72 жылдары Қарағанды облысында «Телефильм» студиясын ашып, бірнеше деректі фильм түсірген. «Қазақфильм» киностудиясына ауысқан соң да талантты режиссер шығармашылық жұмысын одан әрі жалғастырды.

Оның «Донбасс-Қарағанды» деректі туындысы кеңестік кинофестивальдерде үздік деп танылған. "Иван Иванович Иванов", "Женщина из колхоза "Коммунизм", "Ласточка", "Кузьмич, Адам и другие" тәрізді деректі шығармалары да жүлдесіз қалған жоқ.

Соңғы жаңалықтар