Қазақстандық режиссер Айтматовтың соңғы романы желісімен спектакль қоймақ

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Шаршен Термечиков атындағы Шу облыстық театрында Шыңғыс Айтматовтың соңғы туындысы «Таулар құлағанда» романының желісімен жаңа спектакль қоюға қызу дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.

Қойылымды Қазақстанның белгілі театр режиссері Бекболат Парманов көрерменге ұсынбақ, сахналаушы автор - қырғыз жазушысы Әбибілла Пазылов.

Театр директоры Оразбек Айдаровтың айтуынша, спектакльдің премьерасы 2018 жылдың қыркүйегінде, ұлы классиктің 90 жылдығына арналған мерейтой салтанаттарының қарсаңында болады.

Соңғы жаңалықтар