Қазақстандық режиссер америкалық әртістің әніне бейнебаян түсірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық жас режиссер Айсұлтан Сеитов Offset лақап атымен белгілі америкалық хип-хоп орындаушы Киари Кендрэлл Сэфастің әніне бейнебаян түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Red room бейнебаяны рэпердің YouTube ресурсындағы Migos ATL каналында жарияланды.

Жаңа туындыны бір тәулікте 160 мың адам тамашалаған.

«5 айдан бергі жұмыстың нәтижесі... Ләззат алыңыздар», - деді Айсұлтан Сеитов Instagram парақшасында.

Айта кету керек, Айсұлтан Сеитовтың жұмыстары шетелдік әншілердің қызығушылығын туғызған. Бұған дейін жас режиссер 21 Savage тобының «A Lot» әніне бейнебаян түсірген.

Видео орындаушының каналында 1 ақпанда жарияланды.

Сонымен қатар Айсұлтан Jah Khalib, Noize MC, Иван Дорнмен жұмыс жасаған.

Соңғы жаңалықтар