+7 (701) 759 90 19
USD 433.55 EUR 515.53
RUB 5.62 CNY 66.25
Jańalyqtar

Қазақстандық QazCovid-in вакцинасы таныстырылды

2021 жылғы 8 сәуір 23:24
Бөлісіңіз:
Қазақстандық QazCovid-in вакцинасы таныстырылды

ҚОРДАЙ. ҚазАқпарат - Қордай ауданында орналасқан Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты базасында қазақстандық QazCovid-in вакцинасы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Baq.kz ресурсына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Әлем халқы вакцинацияға үміт артып отыр - эпидемиолог-дәрігер Қарағанды Медуниверситетінде вакцинация орталығы ашылды Қытайда коронавирусқа қарсы 160 млн доза вакцина егілді

«QazCovid-in вакцинасының қорабында 10 құты бар. Әр құты 0,5 мл немесе 10 тамшы дозадан тұрады. Вакцинаны тоңазтқышта сақтауға болады, яғни 2-ден 8 градусқа дейін. Оны қатыруға болмайды», - дейді қазақстандық вакцинаны әзірлеушілердің бірі Леспек Құтымбетов.

Ол айтқандай, вакцина иммунитетті 7 айға дейін қорғайды.

«QazCovid-in — коронавирусқа қарсы 5 вакцинаның біреуі. Вакцинаны әзірлеу технологиясы әртүрлі. Біз бірден бірнеше вакцинаны бірден дайындауды бастадық. Соның бірі осы»,-деді ол.

Вакцинаның инактивті болуы ең сенімді, себебі ол мүлдем зиянсыз түрі деп айтуға болады.

Шын мәнінде, бұл - оңдаған жылдар бойы сыналған вакциналарды жасаудың дәстүрлі бағыты.

«Бірақ векторлық және субуниттік — бұл жаңа буын вакциналары. Іс жүзінде олардың тек бірнешеуі ғана кеңінен қолданылды. Айырмашылық мынада, онда басқа объектіге берілетін вирустың белгілі бір бөлігі ғана алынады. Сондықтан мұндай вакциналардың көмегімен иммунитетті қалыптастыру қиынырақ», - деді Құттымбетов.

Қазақстандық вакцинаның ғылыми атауы- QazCovid-in, саудаға шығарылатын атауы - QazVac.

Айта кетейік, 25 сәуірде қазақстандық вакцинаның алғашқы партиясы, яғни 50 мың дозасы «СҚ-Фармация» хабтарына жеткізіледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT