Қазақстандық премьер-лига әлемнің ең үздік 40 лигасының қатарында

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясының (IFFHS) жаңа рейтингінің қорытындысы бойынша, Қазақстан чемпионаты әлемде 40-орында тұр, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

ҚПЛ (Қазақстан премьер-лигасы) өткен жылмен салыстырғанда алға үш қадам жасап, 43-орыннан 40-орынға көтерілді. Бұл ТМД елдері арасындағы төртінші нәтиже. Біздің чемпионаттан жоғары орындарда РПЛ (Ресей), УПЛ және Беларусь біріншілігі бар. Бұл тізімде Испания көш бастады. Егер УЕФА-ға кіретін елдерді ғана есептесек, ҚПЛ 26-орында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Астана» осы халықаралық ұйымның рейтингінде әлемнің үздік клубтарының ТОП-70-іне кірген болатын.

Соңғы жаңалықтар